Біздің жоғары жалпыұлттық мүддемізді қорғайтын боламын - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің жоғары жалпыұлттық мүддемізді қорғайтын боламын. Бүгін ҚР Президентінің ұлықтау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Сіздердің сенімдеріңіз әр уақытта да мені қанаттандырады. Сенім мен күш сыйлайды. Қазір де барлық жауапкершілікпен бұған дейінгі жылдардағыдай халыққа адал қызмет ететіндігімді, елді қорғайтындығымды, барлық біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартатындығымды атап өткім келеді. Біздің жалпыұлттық мүддемізді қорғайтын боламын», - деді ҚР Президенті. Сонымен қатар Елбасы 26 сәуірде өткен президенттік сайлау Қазақстан халқының ұйымшылдығын, ауызбіршілігін және болашаққа ұмтылысын паш еткендігін баса айтты. «Біз - бір отбасымыз, бізде бір Отан бар, ол - Қазақстан Республикасы. Біздің әрқайсымыздың тағдырымыз - Қазақстанның тағдыры», - деді Ұлт көшбасшысы.