Бізге әлемдік атаулар қалыптастыру керек - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бізге әлемдік атаулар қалыптастыру керек, одан еш қорқудың қажеті жоқ. Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» Қорының трансформация бағдарламасының таныстырылымына арналған форум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Біз тіпті жоқ жерден мемлекет құрдық емес пе? Кеңес Одағын күл-паршасы шығып сынған ыдыс ретінде атады. Ал соның ішінде тақыр жерден Қазақстанды тұрғыздық. Қазақтар туралы, Қазақстан туралы ешкім де білмейтін. Қазір бүкіл әлем Қазақстанның қайда орналасқанын біледі. Біз мемлекетті өзгерттік, астанамызды салдық, экономиканы ауыстырдық. Ендігі міндет - Трансформация», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Бұдан бөлек, Елбасы әлемдік еңбек бөлінісінде де Қазақстан өзінің лайықты әрі сенімді орнын иеленуі тиістігін атап өтті. «Ең маңыздысы - Қордың алдында ұлттық ауқымдағы міндеттер тұр», - деді Н. Назарбаев.