Бізге ЕҚЫҰ сияқты әмбебап ұйым аса қажет - Парламенттік Ассамблеясының төрағасы П.Эфтимиу

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бізге ЕҚЫҰ сияқты әмбебеп ұйым аса қажет. Себебі осы күнге дейін ұзаққа созылған шиеленістер мен жанжалдар әлі де бар.

Бүгін Астанада басталған ЕҚЫҰ Саммитінің ресми мәжілісінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының президенті Петрос Эфтимиу осылай айтты.

«Ұйымға деген қажеттіліктің тағы бір себебі - ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ішкі қақтығыстар әлі күнге дейін өзекті мәселелер болып отыр. Адам құқықтарын бұзу оқиғалары да жоқ емес. Сондықтан бізге ЕҚЫҰ сияқты әмбебеп ұйым аса қажет. Біз болсақ, әрдайым осы ұйымның парламенттік әріптесі болып қала береміз», - деді П.Эфтимиу.