Бізге ең алдымен инновацияға сұранысты анықтауды талдаудың жүйесін жасау керек - Ғылыми кеңес төрағасы

/strong>Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ғалымдар әлі бизнестің инновациялық сұранысын білмейді. Бұл бүгін Алматы қаласының І Инновациялық конвентінде айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ғылыми ұйымдардың бизнеспен тікелей байланысы жоқ. Бүкіл әлемде инновациялық сұранысты мемлекет пен ірі корпорациялар қалыптастырады. Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы 2003 жылдан бері жүзеге асырылуда. Даму институттары құрылғанмен инновацияға не сұраныс, не нақты ынталандыру ұсыныстары жасалған жоқ. Ол енді ғана қолға алынып жатыр. Ғылым мен бизнестің жақындасуындағы ең маңызды мәселе инновациялық механизмдер", дейді Алматы қаласы әкімінің жанынан құрылған инновация мен жаңа технологиялар жөніндегі Ғылыми кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов. Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті ректорының пайымдауынша, ғалымдар зерттеу жұмыстарын бағыттайтын бизнестің нақты инновациялық сұранысын білмейді. Бизнес пен ғылымның тұрақты сұхбатының тетіктері әлі жасалмаған. Кеңестік дәуірде жасалған тетік қазіргі жағдайға сәйкес келмейді. Сондықтан оны жаңадан жасау керек.

"Ғылыми кеңестің алдында қазір бірқатар міндеттер тұр. Бірінші, инновацияға сұранысты анықтауды талдаудың жүйесін құру керек. Екінші, қажетті бағыттар бойынша іздестіруді ұйымдастыру. Бұған Ұлттық, халықаралық және ислам елдері инженерлік академияларын тартуға болады. Үшінші, жоғары оқу орындарының ғылымын инновациялық сұранысқа бағыттау қажет. Төртінші, бизнесті инновациялық жобаларды қаржыландыруға ынталандырудың нақты тетіктерін жасау керек. Бесінші, ғалымдардың әлеуетін бизнеске кеңесшілікке пайдалану. Бұл өндірісшілерге инновациялар мен жаңа технологияларды іріктеуіне үлкен септігін тигізеді", дейді ғалым.