Бизнес нысандары үшін жер телімдерін алудағы кедергілерді жою керек - Павлодар облысының әкімі

None
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев шағын және орта бизнесті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі комиссияның мәжілісін өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шағын бизнес субъектілерінен облыстық қазынаға 17,9 миллиард теңге салық пен басқа да төлемдер түсіп отыр, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 31,6 пайызға көп. Кәсіпкерліктің әлі де қарқынды өсуіне бірқатар проблемалар кедергі болуда. Әсіресе, комиссия отырысында талқыланған жер қатынастары мәселесі кәсіпкерлер үшін аса өзекті. Облыс орталығында бизнес нысаны үшін жер телімін меншікке немесе жалға алу қиынның қиыны. «Бизнес қауымдастық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытриза Дүйсембаев жиналған қауымға жер телімін алуы үшін кәсіпкердің 15-тен астам мекемені аралап, қажетті қолдарды жинауы керек екенін сызбанұсқа түрінде көрсетті. Құжатты ресімдеу үдерісі, ең аз дегенде, 185 күнді алады, ал кейде одан да ұзаққа созылады.Облыс әкімі Б.Сағынтаев өз сөзінде, жер телімдерін алу құжаттарының қозғалысын жеделдету және олардың барлық кезеңдегі қаралу мерзімдерін қысқарту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет деп атап көрсетті.