Бизнес үшін салық қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі - 87 пайызды құрады - ҚР ҚМ Салық комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қорытындысы бойынша барлық әкімшілік істердің 95 пайызында ескерту жасалды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлім етті.

«2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа норма енгізілді, онда бірінші рет құқықбұзушылық жасаған адамдар айыппұл орнына «ескерту» жасау енгізілді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша барлық әкімшілік істердің 95 пайызында ескерту жасалды. Бұл, құқықбұзушылықпен күресу емес, оның іс жүзінде алдын алудың пәрменді тетігі болып табылады»,- деді комитет басшысы.

Белгілі болғандай, нәтижесінде 10,7 млрд. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат бюджетке төленбей қалды, алайда олар сонымен бірге көбісі бастауыш шағын бизнес субъектілері болып табылатын кәсіпорындарда айналымда қалды.

«Жалпы, қабылданған шаралар бизнес климатқа оң әсер берді, мұны тәуелсіз әлеуметтік сауалнама нәтижелері де растайды. Бизнес үшін салық қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі 87 пайызды, ал халық үшін оның деңгейі 86 пайызды құрады», - деді Ә. Жұмаділдаев