«Мемлекеттік аудит тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін арттыру қажет. Оны жүзеге асыру үшін заманауи аналитикалық құралдарды қолдану керек. Бұл заңбұзушылықтың алдын алу үшін басқарушылық шешімдерді уақытылы қабылдауға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ, ол бизнестің алдында аудит қорытындысы бойынша туындаған дауларды шағымдану тетігі арқылы реттеуге басымдық берілу керектігін еске салды.
«Ішкі аудитті дамыту шараларын одан әрі жетілдіру үшін ақпараттандыру тетіктеріне баса назар аудару қажет», - деген Әлихан Смайылов аталған шаралардың бәрі Президенттің Сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын атап өтті.