Бизнесмен Еркін Әмірханов қамауға алынды
10:51, 23 Мамыр 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Центрказэнергомонтаж» АҚ-тың сатып алу қызметі жөніндегі бұрынғы төрағасы Еркін Әмірханов қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Еркін Әмірханов ҚР Қылмыстық кодексінің 253-бабының 6-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінген.
Ол 2018 жылғы 5 мамырда ұсталған, 6 мамырда Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты оған қатысты екі ай мерзімге «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолдану туралы шешім шығарды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, осы іс бойынша өзге мәліметтер жария етілмей отыр», - делінген хабарламада.