Бизнесмен Крючковтың ісіне қатысты үкім өзгерді
«Бұқар Жырау аудандық сотының Смаилов, Жантөликовке қатысты үкімі өзгеріссіз қалсын. ҚР ҚК 245-бабы, 2-бөлімі бойынша Крючковке қатысты осы үкімнің іс қағаздарын жүргізу тоқтатылсын. ҚР ҚК 228-бабы бойынша Крючковтың бостандығы екі жылға шектелсін», - деген апелляциялық қаулыны Қарағанды облыстық сотының судьясы Рашид Нұрмағамбетов оқыды.
Крючковке қатысты пробациялық бақылау шарасы қабылданды. Сот прокурор мен жапа шегушілердің шағымын қанағаттандырмады.
Бизнесмен болса толық ақталуға талпынатынын жеткізді.
Еске сала кетейік Бұқар Жырау аудандық сотында Көкпекті ісі бойынша үкім 2016 жылы 20 маусымда шыққан. «Табиғат XXI» ЖШС негізін қалаушы, бизнесмен Владимир Крючковты құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамады және қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деп айыптап, жалпы тәртіптегі түрмеге 3 жылға қамау жазасы тағайындалған болатын.