Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.
«Жыл соңында біз қала мен аймақтардың бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингісін жасаймыз. Арнайы сыйлықтар тағайындалады. Сыйлықтар Мемлекет басшысының қатысуымен беріледі. Ұзақмерзімді жұмысқа дайындалу керек», - деді вице-министр Дүниежүзілік банк тобының «Қазақстанда бизнес жүргізудің суб-ұлттық рейтингісі-2017» атты есебін таныстыру шарасында.
Жұманғариннің айтуынша, аталмыш сыйлықты тағайындау барысында Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізудің суб-ұлттық рейтингісі ескерілетін болады.