Бизнесінен бас тартуға уәде берген чехиялық миллиардер премьер-министр болды

Фото: Сhinadaily.com.cn

АСТАНА. KAZINFORM — Миллиардер Андрей Бабиш Чех Республикасының жаңа премьер-министрі болып тағайындалды, ал оның толық құрамдағы кабинеті алдағы күндері қызметке кіріседі деп күтіліп отыр, деп хабарлайды ВВС.

Оның тағайындалуы президент Петр Павел қойған маңызды талаптан кейін жүзеге асты. Яғни Бабиш өзінің азық-түлік өңдеу, ауыл шаруашылығы және химия салаларын қамтитын ірі конгломераты Agrofert компаниясына бақылауды тоқтататыны жөнінде жария түрде уәде беруі тиіс болған.

«Мен ел ішінде де, шетелде де барлық азаматтарымыздың мүддесін қорғайтын премьер-министр болуға уәде беремін», деді Бабиш Прагадағы сарайда өткен рәсімнен кейін.

Ол сондай-ақ:

«Чех Республикасын бүкіл планетада өмір сүруге ең жақсы жер ету үшін жұмыс істейтін премьер-министр боламын», деп айтты.

Бұл мақсаттардың орындалуы қолсозым жерде тұрмағаны анық, бірақ 71 жастағы Бабиш кең ауқымда ойлауға үйренгенін айтты.

2021 жылға дейін төрт жыл бойы премьер-министр болған Бабиш соңғы жылдары билікке қарай қайта ойысқан және оның кабинетіне ультраоңшыл SPD партиясының және ЕО-ға күмәнмен қарайтын «Өздері үшін автомобиль жүргізушілері» партиясының мүшелері кіреді.

Еске сала кетсек, 7 қараша күні Чехия Президенті үкіметтің отставкасын қабылдады.