«Қайырымды істер» марафоны - бизнес қатысушысы ретінде атқарылған жұмыстар туралы айтудың жақсы мүмкіндігі. Алдымен біздің қызметіміз туралы айтқым келеді. Біздің ұйым 12 компаниядан құралған холдинг. Біз өсімдік шаруашылығымен және етті қайта өңдеумен айналысамыз», - деді К. Верба.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер үшін әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік алдыңғы орында тұруы тиіс.
«Бизнесте пайдадан бөлек, әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік терең қалыптасуы тиіс. Біздің холдингте Қазақстан халқына қызмет етемін деген ұғым қалыптасқан. Ауыл-аймақты дамыту арқылы елдің тұрақты дамыту бұл біздің басты миссиямыз. Өздеріңіз білетіндей қалаға жан-жақтан көмек бар. Ал біз ауылды дамытып, оған халықты қайтарғымыз келеді. Осы орайда еліміздің Ақмола, ШҚО және Алматы облыстарында ауылдық елді мекенде тұрақты бизнесті дамыту қорын құрдық», - дейді ол.
Кәсіпкердің мәлімдеуінше, аталған қор жергілікті жерлерде билік, мемлекеттік органдар мен тұрғындарды біріктіреді. Және әр қордан 100 млн теңге көлемінде қаржы бөлінеді.
«Өткен жылы қор жұмысы үшін 300 млн-ға жуық қаржы бөлінді. Біз «Назарбаев зияткерлік мектебімен» бірлесіп «»Ауыл мектебі» жобасын әзірледік. Жоба аясында 150 млн теңгеге мектеп кабинеттері жарақтандырылды, - дейді К. Верба.