Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы арасындағы ынтымақтастық туралы Палатааралық парламенттік комиссияның отырысы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлы жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге орай, жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлкен шаралар да жүзеге асады деп күтілуде. Мәселен, облыс әкімдіктерінің, Астана және Алматы қалаларының жедел мәліметтеріне қарағанда, бюджеттік мүмкіндіктерді есепке ала отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 10 млрд. теңгеден астам қаражат соғыс ардагерлерін қолдауға жұмсалады. Бұның ішінде 205 ардагерге 1,5 млрд. теңге шамасында бірреткі материалдық көмек беріледі, тұрғын үй кезегінде тұрған 750 соғыс ардагерлерін баспанамен қамтамасыз етуге 2,2 млрд. теңге көзделеді. Бұдан басқа, жергілікті жерлердегі қала ішіндегі, халықаралық тасымалдағы көлікпен тегін жүрулері үшін 26 мыңнан астам ардагерге 343,6 млн. теңге, ал 4 мың 895 ардагердің тістерін протездеу үшін 64,4 млн. теңге қарастырылады», деді Г. Әбдіхалықова.
Сонымен бірге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ардагерлер үшін шипажайларда емделу, оларды жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтерін төлеу, баспаналарын күрделі жөндеуден өткізіп, отынмен қамтамасыз ету секілді шаралар да ұйымдастырылатын болады.