«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған республикалық кеңес өтеді - Өскемен

None
ӨСКЕМЕН. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған республикалық кеңес болады.

Кеңес Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаевтың төрағалығымен өтеді деп күтілуде.

Жиында Бизнестің жол картасының жүзеге асырылу барысын қорытындылау және 2011 жылдың перспективаларын талқылау көзделіп отыр. Кеңесті ұйымдастырушылардың хабарлауынша, онда сондай-ақ бағдарламаны жүзеге асыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі бизнес-қоғамдастықтардың, қаржы ұйымдары мен облыстық әкімдіктердің ұсыныстары қаралмақ.

Кеңес түстен кейін өтеді, ал түске дейін қатысушылар Өскемен кәсіпорындарын, атап айтқанда «Азия-Авто» зауытын, «Өскемен арматура зауыты, «Шығысмашзауыт», «Өскемен жылыжай кешені» және т.б. кәсіпорындарынды араламақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2010 жылдың сәуір айынан жүзеге асырыла бастады және ол жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру және экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау бағыттарын қамтиды. Шығыс Қазақстанда бағдарламаны жүзеге асыруға 1 243,2 миллион теңге бөлініп отыр және өңір жоғарыда аталған үш бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар саны бойынша республикада көш бастап келеді.