Кеңес Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаевтың төрағалығымен өтеді деп күтілуде.
Жиында Бизнестің жол картасының жүзеге асырылу барысын қорытындылау және 2011 жылдың перспективаларын талқылау көзделіп отыр. Кеңесті ұйымдастырушылардың хабарлауынша, онда сондай-ақ бағдарламаны жүзеге асыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі бизнес-қоғамдастықтардың, қаржы ұйымдары мен облыстық әкімдіктердің ұсыныстары қаралмақ.
Кеңес түстен кейін өтеді, ал түске дейін қатысушылар Өскемен кәсіпорындарын, атап айтқанда «Азия-Авто» зауытын, «Өскемен арматура зауыты, «Шығысмашзауыт», «Өскемен жылыжай кешені» және т.б. кәсіпорындарынды араламақ.
Естеріңізге сала кетейік, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2010 жылдың сәуір айынан жүзеге асырыла бастады және ол жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру және экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау бағыттарын қамтиды. Шығыс Қазақстанда бағдарламаны жүзеге асыруға 1 243,2 миллион теңге бөлініп отыр және өңір жоғарыда аталған үш бағыт бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар саны бойынша республикада көш бастап келеді.