Бұл туралы бүгін Астанада тұтынушылар құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, бағдарлама аясында қарастырылған барлық қаражаттың тиімді жұмсалуын өкілетті орган бақылайтын болады. «Біз бір телеарнаны таңдап, оның эфирінде арнайы бағдарламаны ұйымдастыратын боламыз. Оның негізгі мақсаты халықтың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы сауатын барынша ашу болмақ. Сондықтан мен еліміздегі тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарын осы жұмысқа белсене қатысуға шақырамын», - деп атап көрсетті М.Есенбаев.