ОРАЛ. ҚазАқпарат - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан мен Ресей ғалымдарының қатысуымен өткен «Қазақстан Еуразиялық ықпалдастық жобасында» атты дөңгелек үстел барысында «Еуразия ықпалдастығының үдерістері мен болашағы» ғылыми-зерттеу консорциумының құрылғаны жария етілді.
Келісім М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Ресей Федерациясы Саратов қаласы «Евразия - Поволжье» ақпараттық-талдау орталығы арасында жасалды. Келісімге қол қою кезінде тараптар аталған ғылыми консорциумның еуразиялық ықпалдастыққа өз үлесін қоса алатынын атап көрсетті.
Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақовтың айтуынша, мұндай консорциумның Еуразия ықпалдастығы мәселелерін зерттеудегі маңызы зор.
Дөңгелек үстел отырысында еуразиялық ықпалдастық мәселелері мен болашағы жөнінде ғалымдар баяндама жасап, пікір алмасты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).