БҚО: 18 жастағы жігіттің жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды
ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында 18 жастағы жігіттің жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бәйтерек ауданы Рубежка ауылының тұрғыны 10 маусым күні полицияға хабарлама түсірген.
Анасы 2005 жылы туған ұлы Игорь Исраиловтың 6 маусым күні шамамен сағат 08.20-да үйден шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмағанын көрсетті.
«Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жігітті іздеу үшін БҚО полиция департаментінің барлық жеке құрамына бағдар берілді. Оның жұмыс іздеп кеткені белгілі болды. Бұрын И.Исраилов туыстарының ескертуінсіз бірнеше рет кетіп, шаруа қожалықтарында жұмыс істеген. Егер кімде-кім оның орналасқан жері туралы білсе, дереу полиция қызметінің 102 нөміріне хабарласуы сұралады», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің төрт күннен бері табылмай жатырғанын жазған болатынбыз.