БҚО: 78 жастағы кейуананы тонаған жігіт қолға түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында үйге басып кіріп, кісі тонаған тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 маусым күні сағат 01.00 шамасында Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылында болған.

Белгісіз біреу тұрғын үйдің есігін бұзып кіріп, 1940 жылғы әйелді пышақпен қорқытып, 3 мың теңге ақшасы мен ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа күдікті 1989 жылғы Г. деген тұрғын анықталып, ұсталды.

Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.