БҚО: Адам бопсалап, алаяқтық жасаған полиция қызметкері 5,6 жылға сотталды
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар полиция сержанты шенінен де айырылды.
Сот талқысында анықталғанындай, полиция қызметкері қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалана отырып, қылмыстық іс бойынша күдіктіні ірі көлемде пара беруге итермелеген. Атап айтқанда, қылмыстық істі қысқарту үшін күдікті Есенбаевтан 900 мың теңге бопсалап, 57 500 теңге көлемінде материалдық құндылықтарды алғызған. Оған қоса күдіктіге өзінің ҚР ішкі істер органының қызметкері қызметтік куәлігін заңсыз берген. Алайда жол-патруль қызметкерлері тексеру барысында ұсталған Есенбаевтан ол куәлікті алған. Осыдан соң қызметтік тексеру жүргізілгенде, Құспанов өзінің жұмыстан шығып қалу қаупін алға тартып, Есенбаевтан 750 мың теңге көлемінде ақшаны тағы бопсалаған. Күдікті осыншама қаражаттың жоқтығын айтып, ақша беруден бас тартқан.