БҚО әкімі аналар мен аруларды Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Ақ Жайықтың аналары мен аруларын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әйелдер қауымына мемлекеттің қамқорлығы ерекше екенін айтып жүреді. Мемлекет басшысы сіздерге қаратып: «Әйелдер тәуелсіздік жылдарының бәрінде менің ең сенімді тірегім болды. 25 жылдағы барлық жетістіктеріміз сіздердің белсене атсалысуларыңыздың арқасында ғана мүмкін болды. Сіздер біздің қоғамдағы бірліктің, жасампаздық пен тұрақтылықтың бейнесіне айналдыңыздар», деп атап өтті.

 «Әйел бір қолымен бесікті, ал екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты қағида бар. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, ер-азаматтарға сенімді серік, отандастарымыздың береке-бірлігі мен ырыс-ынтымағына ұйытқы болып жүргендері үшін әйелдер қауымына айтылар алғыс зор.

Өңірімізде өздеріңіз қызмет ететін саланың тиімді жұмыс істеуіне қосқан үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін.

Шуақты мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жақсылық пен береке тілеймін!» делінген құттықтауда.