БҚО әкімі апаттан қаза тапқан ұшқыштың отбасына көмек етуді тапсырды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО әкімдігі 3 қазан күні Алматы облысындағы әуе апаты кезінде қаза тапқан ұшқыш Евгений Кутафиннің отбасына көңіл айтты,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осыған орай өңір басшысы Алтай Көлгінов ұшқыштың отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетуді тапсырды.

Марқұмның әйелі №3 емхана қызметкері болғандықтан (қазір бала күтімімен отыр), қаладағы емдеу орындары тарапынан да жәрдем берілмекші.

Еске сала кетейік , Алматы облысында апатқа ұшыраған АН-28 ұшағындағы екінші ұшқыш Евгений Кутафин Орал қаласында туып-өсіп, парашют спортымен де кәсіби түрде айналысқан болатын.