БҚО әкімі ардагерлермен, зиялы қауым өкілдерімен кездесті
20:01, 30 Желтоқсан 2013
ОРАЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңа жыл қарсаңында облыстың бір топ соғыс, еңбек ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен бейресми түрде кездесті.
Кездесу барысында облыс басшысы тарих қойнауына сіңіп бара жатқан жыл ішінде атқарылған істер жөнінде баяндап, өмір тәжірибесі мол, кеудесі алтын сандық ардагерлер пікіріне құлақ түрді. Олардың арасында басшылық қызмет атқарған, өз саласының үздігі атанғандар да баршылық. Сондықтан ардагерлер кеңесі әрқашанда керек. Қазір де олар егемен елдің қоғамдық-саяси өміріне, мәдени тыныс-тіршілігіне белсене араласып жүр.
Ардагерлердің белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымдары үшін Нұрлан Асқарұлы ризашылығын білдірсе, ақсақалдар ақ баталарын беріп, жаңа жылда жаңа табыстар тіледі.