ОРАЛ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - 14 наурыз күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде басшылық қызметтер атқарған Есберген Әжібаевты зейнеткерлікке шығуына байланысты қабылдады.
Облыс басшысы өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтың еселі еңбегіне ризашылығын білдіріп, алғысхат табыстады.
Есберген Әжібайұлы алғашқы еңбек жолын туған жері Жаңақала ауданында қарапайым жұмысшыдан бастаған. 1972 жылы Саратов малдәрігерлік институтын тәмамдап, облыстың ауыл шаруашылығы саласында қызмет етті. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Сырым ауданын басқарды. 2000 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық басқармасында лауазымды қызметтер атқарды.
Е.Әжібаев ел алдындағы еңбегін ескеріп, құрмет көрсеткені үшін облыс басшысына ризашылығын білдірді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).