БҚО әкімі еңбек ардагері Р.Сүйербаевты қабылдады

None
ОРАЛ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Облыс әкімі өңірге танымал еңбек ардагері Рахметолла Сүйербаевты 75 жасқа толуына орай қабылдап, құрмет көрсетті.

Өңір басшысы ардагерге облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар жөнінде әңгімелеп берді. Сондай -ақ «Нұр Отан» партиясының ХV съезінен алған әсерімен бөлісіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған міндеттердің орындалатынына сенім білдірді.

Р.Сүйербаев өзін қабылдап, құрмет көрсеткені үшін облыс басшысына ризашылығын білдірді.

Рахметолла Сүйербав Батыс Қазақстан облысында басшылық қызметтер атқарды. Соның ішінде Қазталов ауданына жетекшілік етті, облыстық партия комитетінің хатшысы, БҚО тәртіптік кеңесінің төрағасы болды. Ол - тарих ғылымдарының кандидаты, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері. Қазіргі таңда да облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді.