БҚО әкімі Ескендір Хасанғалиевті қабылдады

ОРАЛ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - 15 тамыз күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевті қабылдады.

Бұл күндері Оралда Е.Хасанғалиев әндерін орындаушылардың «Атамекен» халықаралық дәстүрлі ән фестивалі өтуде. Осыған орай туған жеріне келген Ескендір Хасанғалиев: «Биыл алтыншы рет өтетін «Атамекен» халықаралық ән фестиваліне Ресейдің көршілес Астрахан, Саратов, Орынбор облысынан да сайыскерлер келген. Отызға жуық үміткер қатысады. Аталған байқауға қатысушылардың жылдан-жылға көбеюі көңілге қуаныш ұялатады. Фестивальден соң ұлым Біржан екеуміздің «Ақ Жайық елім» атты шығармашылық кешіміз өтеді»,- деді.