БҚО әкімі майдангерді қабылдады

None
ОРАЛ. 18 маусым. ҚазАқпарат - 18 маусым күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ұлы Отан соғысының ардагері, «КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі», Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Майра Мақатқызын тоқса жасқа толуына орай қабылдады.

Майра Мақатқызы - бұрынғы Тайпақ ауданының тумасы. Орта мектепті Орал қаласында бітірген ол соғыс жылдарында Оралға көшірілген Мәскеудің арнайы радистер даярлайтын мектебінде оқып, кейін Карелиядағы партизан жасағында әскери қызметін ойдағыдай атқарды. Жауынгерлік ерлігі үшін екінші дәрежелі Отан соғысы ордені  және көптеген медальдармен марапатталған. 1951 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген ол көп жыл бойы Жәнібек және Теректі аудандарында ұстаз болып еңбек етті. 1967 жылдан бастап зейнеткер.

Ардагер анамен емен-жарқын әңгімелескен Н.Ноғаев кездесу соңында М.Мақатқызына алғысхат пен гүл шоғын табыс етті. Мерейтойымен құттықтап, берік денсаулық тіледі.