«Әр түрлі пікірлер болуы мүмкін. Сондықтан ол жерде дұрыс сын болса, мен одан сабақ алып, өзім үшін тиісті шешімдерді қабылдаймын. Өкінішке қарай, қоғам мүшелерінің барлығына бірдей жағу мүмкін емес ғой», -Ғали Есқалиев.
Еске сала кетейік, 31 наурызда Батыс Қазақстан облысының халқы өңір әкімінің отставкасын талап еткен петиция жариялаған еді. Бүгінде петицияны 5 594 адам қолдаса, 585 адам қарсылық білдірген.