ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - 8 мамыр күні Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы кеңесінің отырысы болып,
онда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерге байланысты жаңа іс-шаралар белгіленді.
Отырысты ашқан облыс әкімі, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының төрағасы Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысының аталмыш сессияда барлық Ассамблея мүшелерінің қатысуымен экономиканы жаңғырту, жас ұрпақты қолдау және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы еліміздің одан әрі дамуының нақты жолдарын көрсеткенін атап өтті. Осыған байланысты облыстық Ассамблея алдағы жұмыстарға байланысты бірқатар шешімдер қабылдап, биылғы іс-шаралар жоспарын бекітті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).