ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласының әкімі лауазымына үш үміткер тіркеліп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Үміткерлер аудандық мәслихат депутаттарына сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.
Бірінші болып сөз алған Наталья Хайранбаева 2013 жылдан бері Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып келеді.
Тағы бір үміткер - Александров ауылдық округінің әкімі Замир Мырзағалиев. Үшіншісі - қазіргі кезде Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүрген Амангелді Тоғызбаев.
Ақсай қаласы әкімінің орынтағынан үміткерлер депутаттар сауалдарына жауап берді.
Қала әкімін сайлау 1 наурыз күні өтеді.
Айта кетейік, Ақсай қаласының әкімі тұрақтамай келеді. 2013 жылы моноқала мәртебесін иеленгеннен бері Ақсайда төрт басшы ауысып үлгерді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).