Оқиға 16 қыркүйек күні түнде «Ренко» қонақүйінің ауласында орын алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге қоңырау сағат 01.20-да шалынған. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына алты минуттан кейін жеткен.
«Алдын ала мәліметке қарағанда, көптеген оқ жарақатын алған 1977 жылғы ер адам 01.30-да Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Басқа да жарақаты бар, 2-3-інші дәрежелі травматикалық есеңгіреу диагнозы да қойылған», деді А.Сақпосынова.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
13:56, 17 Қыркүйек 2018
БҚО: Ақсайда атыс болып, ер адам ауруханаға түсті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында атыс болып, ер адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.