БҚО: Әлия Мұханбетжанова Теректі ауданының әкімі болды

Фото: БҚО әкімдігі
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Теректі ауданының әкімі лауазымына Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әлия Биғазықызы 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «агрохимия және топырақтану», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Бәйтерек ауданы Кожевников орта мектебінің мұғалімі болып бастады.

Әр жылдары Бәйтерек ауданы жер ресустарын басқару жөніндегі бөлімінің жетекші маманы, Бәйтерек ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары жөніндегі бас маманы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

2020 жылдың наурыз айынан бастап Шыңғырлау ауданының әкімі болып қызмет етті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Альмира Төлегенованың БҚО жұмыспен қамту басқармасының басшысы болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Нұрділдә Ораз БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Мұрат Өмірәлиев БҚО-ның Шыңғырлау ауданына әкім болды.

Тимур Шиниязов БҚО-ның Жәнібек ауданына әкім болды.