БҚО аумағына ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас зат құлады

Фото: Фото: mgorod.kz

ОРАЛ. KAZINFORM – Аппаратты қалаға алып кетті, деп жазады mgorod.kz сайты.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, 18 ақпан күні сағат 23:00-де Бөкейорда ауданы Ұялы ауылының аумағында беймәлім ұшатын аппарат табылған. Оны жергілікті тұрғындар көрген. Нысанның ұзындығы 120 см. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеді. 

- Ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас заттың құлауына байланысты полиция Бөкейорда ауданының Ұялы ауылы маңында өзге өкілетті орган өкілдерімен бірге тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады кейінірек Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Осыған дейін КТК-ның мұнай айдау стансасына дронмен шабуыл жасалғаны туралы жаздық