БҚО аумағында қылмыс жасаған Әзірбайжан елінің азаматы сотталды

None
ОРАЛ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО аумағында қылмыс жасаған Әзірбайжан елінің азаматы А.Мұрадов сотталды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған азамат 2007 жылы «Ауди В4» автомашинасымен Атырау-Орал тас жолы бойында жол ережесін өрескел бұзып, соның салдарынан аударылған көлігіндегі екі бірдей жолаушы қаза табады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қашып кеткен А.Мұрадовқа іздеу жарияланып, айып тағылады. Бұл іс аталған азамат Әзірбайжанда тұратындықтан, өткен жылы сол елге жіберілген болатын. Әзірбайжан Бас прокуратурасынан А.Мұрадовтың жол қозғалысы мен көлік құралын пайдалану ережесін бұзғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылғаны жөнінде хабар келді.