ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің келісімімен Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева БҚО білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Мыңбаева 1963 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Фурманов ауданы Саралжын орта мектебі физика және математика пәнінің мұғалімі, Орал аграрлық-техникалық колледжінің І санатты оқытушысы, БҚО білім басқармасы орта жалпы білім беру бөлімінің бас маманы, мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2017 жылдың маусымынан бастап БҚО тілдерді дамыту басқармасына басшылық етті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі БҚО әкімінің орынбасары болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).