БҚО бюджеті 1,2 млрд. астам теңгеге нақтыланды

None
ОРАЛ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат -  7 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының V сессиясы болып, онда бірқатар мәселелер қаралды

Сессияның күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе - 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу және 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы болды. Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 2012 жылға арналған облыстық бюджет 1 203 359 мың теңге мөлшеріндегі түсімдер бөлігінде нақтыланды.

Сессияға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев 2012 жылғы бюджеттің қиын жағдайда қалыптасқанын атап өтті. «Былтыр біз бюджетті 4-5 мәрте нақтыласақ, биыл ондай болған жоқ. 2013-2015 жылдарға арналған бюджет те әлеуметтік бағытта екені мәлім. Әрине, бұл бюджетте барлық мақсатымыз қамтылған жоқ, бірақ өз қаражатымызға сәйкес жоба жасалды. Болашақта қосымша қаржы көздері табылса, өздеріңізбен ақылдаса отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге дайынбыз», - деді әкім.