ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,532 млн гектардың пайдаланылмағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі ҒалиЕсқалиевтің айтуынша, соның 1,122 млн гектары мемлекетке қайтарылды.
Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында жерді тиімдіпайдалану керектігін атап көрсеткені мәлім.
Осығанорай ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды бақылау жұмыстарыкүшейтіледі.
«Жылсоңына дейін БҚО-ның геоақпараттық порталы әзірленіп, жұмыс жасайтын болады.Бұл геопорталда жер телімдерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшінмақсатсыз пайдалануды анықтауға мүмкіндік беретін спутниктік түсірілімқолжетімді болады», - деді өңір басшысы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).