ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 11-сынып оқушысы асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 12 қараша күні кешкісін Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында орын алды.
М.Жүнісов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы мал қорасында асылып қалған.
«Бала толық отбасында тәрбиеленген. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша құзырлы органдар тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде. 20 қараша күні облыстық ведомствоаралық топ оқиға орнына барып, мәселені анықтамақ», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, баланың сабағы жақсы болған. Бес балалы отбасында талас-тартыс туындамаған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).