БҚО-да 13 майдангердің сүйегі табылды

Фото: None
БӨКЕЙ ОРДАСЫ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қыршын кеткен 13 сарбаздың сүйектері табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаңқаларды кезектіқазба жұмыстары барысында облыстық іздеу жасағы тауып, жер бетіне шығарды. Осыдан77 жыл бұрын Сталинград майданының тылы болған Жәнібек, Сайқын, Шоңғайстанциялары жау ұшақтарының толассыз шабуылына ұшырап тұрған. Адамдар қазатапқандардың денелерін бомба орындарына тастап, топырақпен асығыс көміп отырған.

Мамандардың мәліметінше,енді майдангерлер сүйектерінің кімге тиесілі екендігі анықталуы тиіс. Себебітарихи деректер бойынша, дәл осы №365 разьезд маңында 1942 жылдың 4 қазанындаСталинградқа бет алған Тынық Мұхиты флотының теңізшілері мінген эшелонға бомбатасталып, 38 теңізші бақилық болады.

Атап өтілгендей, табылғантүймелердегі зәкірдің суреттеріне, өзге де бұйымдарға қарап, бұл жертеңізшілердің көмілген орны деуге негіз бар.

«Тынық Мұхиты флотыныңтеңізшілері болуы мүмкін. Себебі, түйме табылды, онда зәкірдің суреті бар. Бұл арнайыайыру белгісі. Құрлық әскерінде гимнастеркаларының түймесінде әрдайым жұлдызболатын. Ал мында, теңізшілерде зәкірлер бар. Сондай-ақ теңіз армиясыныңбушлаттарының ілгектері табылды. Бүгін екеуін жер бетіне көтердік. Жұмыстар жалғасуда»,- деді өлкетанушыЖұбан Ғұмаров.

Соңғы жаңалықтар