Осылайша кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі белгілі болды.
Жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Оның нәтижесі бойынша 14 мектеп директоры Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда прокурорлық қадағалау актісімен ауданның бүкіл білім мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеу қойылды.