БҚО-да 1622 үйді су басып қалды, құтқарушылар қауіпті аумақтан адамдарды шығаруды жалғастыруда - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР ТЖМ-ның бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан келген зардаптарды жою жұмыстарын жалғастыруда.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен БҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ұшақпен су астында қалған аумақтарды аралап өтті.

Барлығы 1622 үйді су басып қалды, оның 400-і - саяжайлар. Құтқарушылар қауіпті аумақтардан халықты эвакуациялық бекеттерге көшіруді жалғастыруда. Онда медициналық қызмет және тамақ қамтамасыз етілген. Осы уақытқа дейін көшірілген тұрғындардың саны 6181-ді құрады.