БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек бойынша «AB Engineering» ЖШС ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 86-бабының 1-тармағына сәйкес (адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу) жауапкершілікке тартылып, оған 136 140 теңге салынды.
23:23, 06 Қараша 2017
БҚО-да 17 жұмысшымен еңбек шарты жасалмай, жұмысқа жіберілгені анықталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасы «AB Engineering» ЖШС-не тексеріс жүргізіп, соның қорытындысында Чинарев газ конденсаты кенішінде аталған кәсіпорынның 17 жұмысшымен еңбек шартын жасамай, жұмысқа жібергендігін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.