ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жас қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға салып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болды.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, осында тұратын 19 жастағы қыз босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған. Қазір өзі ауруханада жатыр.
Колледжде қашықтан оқып жатқан қыз толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені.
Қазталов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қайырханов оқиғаны растады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 100-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).