БҚО-да 2010-2013 жылдары құны 254,4 млрд. теңге тұратын 29 жоба жүзеге асырылуда
Бұл туралы жалпыұлттық телекөпір кезінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті.
Оның айтуынша, 2011 жылы құны 157,5 млрд. теңге тұратын 11 жоба іске қосылды.
Пайдалануға берілген жобалардың ішіндегі ең ірісі - Чинарев кен орнындағы газды дайындау қондырғысы құрылысы.
«Біз қазір осындай көмірсутегі шикізатын тазарту және тұрақтандыру қондырғысы аумағында тұрмыз. Жобаның негізгі мақсаты - Қарашығанақ кен орнын пайдалануда технологиялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, технологияны жетілдіру есебінен экспорт әлеуетін жылына 7,7 млн. тоннадан 10,3 млн. тоннаға (2,6 млн. тоннаға) жеткізу. Осының нәтижесінде еңбек өнімділігі адам басына шаққанда жылына 387,3 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл сала бойынша орташа республикалық көрсеткіш - 141,9 мың АҚШ доллары. Жобаның құны - 155 млрд. теңге. 90 жаңа жұмыс орны ашылды. 2010-2013 жылдары тағы да 9 жобаны іске қосу жоспарлануда», деді облыс басшысы.