«Денсаулық сақтау саласына тоқталатын болсақ, 2012 жылы және биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша облыста ана өлімі тіркелген жоқ. Бала өлімі 12 пайызға төмендеді», - деді әкім.
Н. Ноғаевтың сөзіне қарағанда, облыста орташа өмір ұзақтығы 69 жасты құрап отыр. 2012 жылы 12 мың 500 сәби дүниеге келді.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, өңірде денсаулық сақтаудың 2013 жылға нақтыланған бюджеті 19,4 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері - 7,2 млрд. теңге. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемінің қаражаттары 17,9 млрд. теңгені құрады.