ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Бөрлі аудандық ауруханасына Ақсай қаласы маңындағы Қызылтал ауылындағы мектептен 22 бала түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Дамир Көпжасаровтың айтуынша, оқиға орнына Орал қаласынан осы мекеме және облыстық денсаулық сақтау басқармасынан арнайы мамандар барған. Тексере келгенде, балалардың тамақтан уланбағаны, сондай-ақ жұқпалы ауруларға шалдықпағаны анықталды.
Қазіргі кезде ауруханада бес бала қалған, қалғандары үйлеріне жіберілген. Яғни 6-7-сыныптарда оқитын балалар фарингитпен ауырған.
Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералин де растады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).