БҚО-да 238 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 237 875 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 57,4 пайызы.

Сондай-ақ 216 287 адам екінші компонентті қабылдап үлгерді.

Өткен тәулікте 626 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілсе, соның 45-і – созылмалы ауруы бар тұрғындар.

Өңірде вакцинациялау жұмысы одан әрі жалғасуда.

Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы тәулікте 9 адамнан коронавирус анықталса, 215 науқас жазылып шықты.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 7 пайызға төмендеді.

Қазіргі кезде 422 адам амбулаторлық ем алып жатса, 176 науқас инфекциялық стационарларда. Соның ішінде 18-і ауыр халде. Дегенмен олардың арасында инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бірінші тоқсанда 780 оқушыдан коронавирус анықталғанын, қазан айында 1500-ге жуық адамның ауру жұқтырғанын жазған болатынбыз.