БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткендей, бұл – екпе егілуге тиіс тұрғындардың 60,7 пайызы.
Соның ішінде 179 821 адам ресейлік «Спутник V» вакцинасын қабылдады.
Сондай-ақ 236 067 адам вакцинаның екінші компонентімен егіліп үлгерді.
Г.Әбдірахманованың айтуынша, облыс бойынша 3376 адам Pfizer компаниясының вакцинасымен егілді.
Соның 1967-сі жасөспірімдер болса, 92-сі – жүкті, 1317-сі – бала емізетін әйелдер.
Оған қоса 2825 тұрғын ревакцинациядан өтті.
«Күні бүгінге дейін өңірде тіркелген 39 873 науқастың 38 376-сы немесе 96,2 пайызы жазылып шықты. Соның 15 068-і стационарлық, 23 308-і амбулаторлық ем алды. Пандемия басталғаннан бері 842 адам коронавирустан көз жұмды. Қазіргі таңда 286 науқас амбулаторлық, 112-сі стационарлық ем алуда. Соның ішінде 11-і жансақтау бөлімшесінде жатыр. Індеттен қорғанудың сенімді жолы екпе алу екендігін ұмытпайық. Сондай-ақ иммунитет деңгейін бірқалыпты ұстап тұру үшін ревакцинациядан өту қажет», деді Г.Әбдірахманова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жаңажылдық іс-шараларды өткізу шектелетінін жазған болатынбыз.