БҚО-да 266 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 64,2 пайызы.
Сондай-ақ 248 959 адам (60 пайыз) екінші компонентпен егілді.
Күні бүгін облыста 83 405 доза І, 125 035 доза ІІ компонент екпе бар.
Өңірде 42 546 адам ревакцинациядан өтті. Оған қоса 8 561 адам Pfizer вацинасын қабылдаса, соның 4 414-і – жасөспірімдер, 300-і – жүкті, 3 847-сі – бала емізетін әйелдер.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері 47 053, соның ішінд биыл 6 983 науқас анықталды.
Қазіргі кезде 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 361 адам емделуде. Ауруханалар 48,1 пайызға толған. Жансақтау бөлімшесінде жатқан 16 науқастың 10-ы инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына, төртеуі оттегі концентраторына қосылған.
Жыл басынан бері 9 адам коронавирустан көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жиналыс, конференцияларды өткізуге рұқсат берілгенін жазған болатынбыз.