ОРАЛ. 7 қазан. ҚазАқпарат - 30 қыркүйек күні Зеленов ауданы Володарка ауылынан төрт шақырым жерде орман арасынан зорлықпен өлтірілген 28 жасар тұрғынның мүрдесі табылды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел іздестіру шаралары барысында сол ауылдың үш тұрғыны ұсталды. Олардың екеуі қамауға алынса, біреуі ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен тексерілуде. Қанды оқиға орын алғанға дейін осы төртеудің бәрі қосылып арақ ішкен. Соңы ұрыс-таласқа ұласып, біреуінің өлімімен аяқталған.
Тергеу амалдары жалғасуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).